
Спорт
23:17, Вчера
Надежный источник
"Әділетті әрі прогрессивті Қазақстан үшін": Алматы облысында жұлдыздар матчы өтті
Спорт

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдау мақсатында спорт пен өнер жұлдыздарының қатысуымен футбол матчы өтті.
Қарасай ауданында спорт және эстрада жұлдыздарының қатысуымен ерекше футбол матчы өтті. Жасыл алаңда ел намысын әлемдік жарыстарда қорғап жүрген чемпиондар мен дарынымен дараланған өнер иелері бәсекеге түсті. Бұған дейін болмаған ерекше кездесуді тамашалау үшін стадионға 3000-нан астам жанкүйер жиналды.
Шараның басты мақсаты – кімнің мықты екенін анықтау емес, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй, жарқын эмоция сыйлау болды. Іс-шара «Біз жаңа Конституцияны қолдаймыз» ұранымен «Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның Халық Конституциясы үшін» өңірлік жалпыұлттық коалицияның қолдауымен ұйымдастырылды.

«Командалық ойында да, жалпы өмірде де жеңіске тек ерік-жігер мен бірлік жетелейді. Бұл матч – тек спорттық сайыс емес, жаңа Конституция бойынша өтетін референдумды қолдауға бағытталған игі шара», – өңірлік коалиция басшысы Қуат Байғожаев.
Футбол алаңында екі команда бақ сынасты. «Қонаев» командасында балуандар - Париж Олимпиадасының жүлдегері Демеу Жадыраев, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, әлем чемпионатының жүлдегерлері – Нұржан Жұмажан, Ербол Қоңыратов, Қорлан Жақанша, айтыскер ақын Сырым Әуесхан, «Qonaev media» теларнасының жүргізушісі Қосқанат Көпжасар және өзге де танымал азаматтар өнер көрсетті.

Ал оларға қарсы «Алатау» командасы алаңға шықты. Оның сапында эстрада әншісі Жұбаныш Жексен, «SuperStar KZ» жобасының жеңімпазы Нұржан Керменбаев, танымал киноактер Тәуекел Мүсілім, белгілі блогер Азат Жұмаділ және басқа да өнер иелері болды.
Ойын тартысты әрі қызықты өтті. Қатысушылардың жақсы дайындықпен келгені байқалды. Әрбір шабуыл мен әдемі гол жанкүйерлердің қызу қолдауына ие болды.

«Футболды бала кезімнен жақсы көремін. Қазір де бұл спорт түрімен тұрақты айналысамын. Спорт адамды сергек ұстап, физикалық формасын сақтауға көмектеседі. Мұндай іс-шаралар салауатты өмір салтын ұстанудың және белсенді азаматтық ұстанымның қоғам өміріндегі маңыздылығын тағы бір мәрте айқындайды», – деді актер Тәуекел Мүсілім.
Жарыс нәтижесінде 2:1 есебімен «Қонаев» командасы жеңіске жетті. Ойын соңында көрермендерге концерттік бағдарлама ұсынылып, стадион мерекелік көңіл күйге бөленді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Спецтема
Последние новости
09:55
18:42
8 марта
16:37
8 марта
10:33
8 марта
08:17
8 марта
Семь спортсменов представят Казахстан на XIV зимних Паралимпийских играх-2026
Паралимпийские игры
21:12
7 марта
18:21
7 марта
ТОП новости
Спецтема
Объявления
13:55, 5 марта
13:55, 5 марта
Комментарии