• Главная
  • "Көшпенділер қалашығында" экопарк пайда болды: 500 ағаш егілді
14:19, Сегодня
Надежный источник

"Көшпенділер қалашығында" экопарк пайда болды: 500 ағаш егілді

"Көшпенділер қалашығында" экопарк пайда болды: 500 ағаш егілді, фото-1

"Таза Қазақстан" акциясының шеңберінде Қонаев қаласын көгалдандыру жалғасуда. Өткен сенбілікте "Барыс" экопаркінің негізі қаланып, 250 ағаш егілсе, осы жолы "Көшпенділер қалашығындағы" экопаркке алғашқы ағаштар егілді.

Экологиялық науқанға Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, қала әкімі Асхат Бердіханов, жастар, тұрғындар мен ақсақалдар қатысты. Науқанда барлығы 300-дей адам төбе көрсетті.

"Табиғаты таңғажайып Іле өзенінің жағасындағы "Көшпенділер қалашығында" жайлы орта жасау үшін экопарк салынбақ. Бұл – өңіріміздің туристік әлеуетіне тың серпін береді деп ойлаймын. Бүгін сол игі бастамаға үн қосу үшін жиналдық", – деді Ғани Майлыбаев.

"Көшпенділер қалашығында" экопарк пайда болды: 500 ағаш егілді, фото-2

Мұнда экопарктің алғашқы негізі ретінде 500 дана акация ағашы егілді. Акация – өте төзімді ағаштардың бірі. Құрғақшылыққа жақсы шыдайды, ыстық климатта да, салыстырмалы түрде суық аймақтарда да өсе алады. Желге, шаңға, тіпті қалалық ортадағы ластануға бейімделгіш. Тамыр жүйесі терең болғандықтан, суды топырақтың төменгі қабаттарынан алады. Құнарсыз, кедей топырақта да өсіп, оны азотпен байытуға көмектеседі.

Алдағы уақытта 4 гектар аумақты алып жатқан экопаркте 3000 ағаш отырғызылады. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен велосипед жүргізушілер жолы, демалатын орындар пайда болмақ.

"Көшпенділер қалашығында" экопарк пайда болды: 500 ағаш егілді, фото-3

"Көшпенділер қалашығы» қазірдің өзінде қаламыздың көзтартатын, көркем аймағы. Экопарктің салынуы Іле өзенінің маңын одан ары ажарландырады. Табиғат, декорациялық нысан, демалыс орыны – барлығы үйлесім тапқандай әсер қалдырады.

Бұл жерде тамақтанатын орындар, медпункт, полиция пункті, санитарлық тораптар қойылып, жол салынған. Осы шараға қатысқанымызға қуаныштымыз. Бір жағынан ағаш егіп, табиғатты қорғауға үлес қоссақ, екінші жағынан отбасымызбен демалып жүрміз", – деді блогер Анастасия Сухачева өз пікірін білдіріп.

Айта кетейік, ағаш егу маусымы басталғалы Қонаевта 4000-ға жуық жасыл желек отырғызылды.

"Көшпенділер қалашығында" экопарк пайда болды: 500 ағаш егілді, фото-4

Сонымен қатар бүгін қала тұрғындары, мемлекеттік қызметшілер, жастардан құралған 80-ге жуық азамат "Алматы-Өскемен" күре жолының бойында сенбілік ұйымдастырып, 500 келідей қоқыс шығарды.

Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления