• Главная
  • Аналар күніне арналған ең маңызды қоңырау
12:35, Сегодня
Надежный источник

Аналар күніне арналған ең маңызды қоңырау

Аналар күні қарсаңында 26363 әскери бөлімінде ерекше әрі жүрекке жылы әсер қалдырған шара өтті.

«Отбасымен бейне қоңырау» жобасы аясында мерзімді қызмет әскери қызметшілері туған-туыстарымен бейнебайланыс арқылы хабарласып, аналарына мерекелік құттықтауларын жолдады.

Әскери қызмет атқарып жүрген сарбаздар аналарына деген сағынышы мен алғысын жеткізіп, олардың мейірімі, қамқорлығы және қандай қашықтықта болса да баласына демеу болатын шексіз махаббаты үшін ризашылықтарын білдірді. Жоба әскери қызметшілердің рухани көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, отбасы құндылықтарының маңызын тағы бір мәрте айқын көрсетті.

Әсіресе, қатардағы жауынгер Нұрмұханбет Пернебайдың анасына арнаған әсерлі сәті көпшіліктің жүрегіне жылулық сыйлады. Ол бейнеқоңырау барысында анасы Мөлдір Пирмашеваға өзі шығарған өлеңін оқып беріп, шынайы ризашылығы мен ыстық сезімдерін жеткізді. Сарбаздың жүрекжарды сөздері анасына ғана емес, шараға қатысқан барша жанға ерекше әсер қалдырды.

Әскери бөлім өкілдерінің айтуынша, мұндай бастамалар сарбаздардың моральдық-психологиялық жағдайын нығайтуға және олардың туған-туыстарымен байланысын үзбеуге бағытталған.

Аналар күніне арналған бұл игі шара әскери қызмет пен отбасы арасындағы рухани байланыстың қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления