• Главная
  • Қонаевта лак-бояу шығаратын зауытты кеңейту жоспарлануда
17:55, Сегодня
Надежный источник

Қонаевта лак-бояу шығаратын зауытты кеңейту жоспарлануда

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов отандық лак-бояу өнімдерін шығаратын «Acrylate» ЖШС-нің жұмысымен танысты.

Қарлығаш шағынауданында орналасқан кәсіпорын нарықта 13 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде зауытта 30-ға жуық маман еңбек етеді. Кәсіпорында түрлі бояулар мен лак өнімдері шығарылады. Қазіргі таңда өндіріс орнын кеңейту мәселесі қарастырылып жатыр.

Қонаевта лак-бояу шығаратын зауытты кеңейту жоспарлануда, фото-1

Шаһар басшысы кәсіпорын директоры Нариман Мамедовпен кездесіп, өндіріс қуатын арттыру жоспарын талқылады. Әкімнің айтуынша, жобаны жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды әзірлеу және құрылысқа рұқсат алу жұмыстарына әкімдік тарапынан қолдау көрсетіледі.

«Өндіріс ошағының қуаттылығын арттыру үшін жобалық құжаттарды дайындау қажет. Әкімдік мамандары жобаны сүйемелдеп, оның жүзеге асуына қолдау көрсетеді», – деді Асхат Бердіханов.

Қонаевта лак-бояу шығаратын зауытты кеңейту жоспарлануда, фото-2

Кездесу барысында кәсіпорын басшысы инфрақұрылымға қатысты мәселелерді де көтерді. Атап айтқанда, зауыт маңында қоғамдық көлік аялдамасының болмауы және газ желісінің тартылмауы өндірісті дамытуға қолайсыздық туғызып отырғаны айтылды.

Қала әкімі аялдама алдағы 10 күн ішінде орнатылатынын жеткізді. Ал газдандыру жобасы әзірленіп жатқанын, қаржы бөлінген жағдайда құрылыс жұмыстары 2027 жылы басталатынын атап өтті.

Қонаевта лак-бояу шығаратын зауытты кеңейту жоспарлануда, фото-3

Асхат Бердіханов өндіріс орындарын дамыту қала экономикасына оң әсер ететінін айтып, кәсіпорын ұжымына сәттілік тіледі. Кездесу соңында шаһар басшысы зауыт аумағына ағаш отырғызды.

Бұдан бөлек, Асхат Бердіханов халықтың өтініші бойынша кәріз жүйесін орнату проблемасына байланысты, «Қамқор жүрек» қоғамдық ұйымының жұмысына, тұрғын үйлердің сырт келбетіне байланысты қаланы аралап шықты.

Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии