
МӘМС
10:08, Сегодня
Надежный источник
МӘМС мүмкіндігі: Алматы облысының тұрғындары күрделі операцияларды өңірде-ақ ала бастады
МӘМС

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында МӘМС шеңберінде 130-дан астам жоғары технологиялық операция жүргізілді.
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы Алматы облысы тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастыруда. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің арқасында науқастар бірнеше жыл бұрын тек ірі республикалық орталықтарда ғана қолжетімді болған күрделі хирургиялық операцияларға қол жеткізе алуда.
2026 жылдың алғашқы алты айында ауруханада 130-дан астам жоғары технологиялық операция жүргізілді. Жоспарлы көлем басым бағыттар бойынша іс жүзінде толығымен игерілді.
Ең көп сұранысқа ие операциялар: бас миы тамырларының 40 эндоваскулярлық эмболизациясы, 36 автоматты кардиовертер-дефибриллятор имплантациясы, 12 тізе буынын ревизиялық алмастыру, 10 ішкі артерияларға стент имплантациясы, 7 жамбас-сан буынын ревизиялық алмастыру, 5 бивентрикулярлық дефибриллятор имплантациясы, 5 экстра-интракраниалдық тамырлық шунтирование, сондай-ақ заманауи бекіту жүйелері мен эндокорпоралдық имплантттарды пайдалана отырып омыртқаға жасалған операциялар және спинальды нейростимулятор электродтарының имплантациялары.
«Кардиохирургияны дамытуға ерекше назар аударылуда. Ауруханада жүрек клапандарын ауыстыру, аортаның эндоваскулярлық протезирлеу, тамырларды пластикалау, сондай-ақ жүрек пен магистралдық тамырлардың күрделі аурулары бойынша операциялар жүргізілуде», — деді АМКБ директоры Майра Әлімбетова.
Нейрохирургиялық бағыт та белсенді дамуда: дәрігерлер әртүрлі күрделіліктегі омыртқа операцияларын, бас миы тамырларына микрохирургиялық араласуларды, аневризмалар мен тамырлық мальформациялар кезінде заманауи эндоваскулярлық операцияларды жүргізуде.
Бүгінде Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы Республиканың жетекші медициналық орталықтарының бірі болып табылады, мұнда науқастарға МӘМС шеңберінде ондаған жоғары технологиялық операция түрлері қолжетімді. Хирургиялық технологиялардың дамуы облыс тұрғындарына республикалық клиникаларға бармай-ақ тұрғылықты жері бойынша заманауи медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.
Әлуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
Вчера
ТОП новости
Спецтема
Объявления
06:21, 11 июля
Комментарии