
Экоакция
16:49, 26 июля
Надежный источник
Алматы облысында "Әділет" партиясының жақтастары "Таза Қазақстан" акциясын өткізді
Экоакция

Іле ауданында «Әділет» партиясының сайлауалды штабының мүшелері мен жақтастары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында экологиялық акция ұйымдастырды. Шараға 100-ге жуық азамат қатысып, нәтижесінде 5 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жиналды.
Акция барысында қатысушылар қоғамдық аумақтарды қоқыстан тазалап, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғатқа жанашырлық мәдениетін қалыптастыру, азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыру және тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыру.

Штаб мүшелерінің айтуынша, «Таза Қазақстан» бастамасы аясында табиғатты қорғау, су мен жер ресурстарын ұтымды пайдалану, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті дамыту бағытындағы жұмыстардың маңызы ерекше.
Айта кетейік, осындай экологиялық акциялар алдағы уақытта да өңірдің басқа елді мекендерінде жалғасады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Спецтема
Спецтема
"Таза Қазақстан" — это республиканская экологическая акция в Казахстане, направленная на улучшение экологической ситуации, повышение экологической культуры граждан и формирование ответственного отношения к окружающей среде
Последние новости
"Небо Байсерке – 2026": в Алматинской области стартовал авиационный фестиваль
Небо Байсерке – 2026
12:11
11:48
Казахстанцы смогут бесплатно освоить востребованные IT-профессии по программе Tech Orda
Новости компаний
10:35
21:40
15 августа
16:44
15 августа
16:17
15 августа
Спецтема
Объявления
Комментарии