• Главная
  • Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы болып Роллан Дүйсенбиев тағайындалды
14:19, Сегодня
Надежный источник

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы болып Роллан Дүйсенбиев тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 29 шілдедегі №1382 Жарлығымен тағайындалған Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жаңа төрағасы Роллан Дүйсенбиевті ұжымға Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы м.а. Асқар Қалмақбаев таныстырды.

Іс-шараға Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Жандосов А.С., Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Малыбаев Ғ.А., Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы, Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы, Қарасай аудандық сотының төрағасы, сондай-ақ мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың судьялары мен қызметкерлері қатысты.

Жаңа төрағаны таныстыра отырып, Асқар Қалмақбаев Роллан Дүйсенбиевтің сот жүйесіндегі көпжылдық тәжірибесін, жоғары кәсіби біліктілігін және ұйымдастырушылық қабілетін атап өтті. Сондай-ақ, оның басшылығымен сот ұжымы әкімшілік сот ісін жүргізудің сапасын одан әрі арттыру, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғау бағытындағы жұмысты табысты жалғастыратынына сенім білдірді.

Кездесу барысында сот ұжымының алдағы негізгі міндеттері айқындалды. Атап айтқанда, заң үстемдігін қамтамасыз ету, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру, істерді қараудың процестік мерзімдерін сақтау, сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету, сот қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін одан әрі нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы болып Роллан Дүйсенбиев тағайындалды, фото-1

Іс-шара соңында Роллан Дүйсенбиев көрсетілген сенім үшін алғысын білдіріп, өзіне жүктелген міндеттерді адал атқаруға, заңдылық қағидаттарын сақтауға, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және сот жұмысының тиімділігін одан әрі арттыруға бар күш-жігерін салатынын жеткізді.

Анықтама:

  • Роллан Сабитұлы Дүйсенбиев 1979 жылғы 30 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.
  • 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
  • 2001–2013 жылдары сот жүйесінде және заң саласында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған,
  • 2013–2021 жылдары - Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы,
  • 2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін - Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Сайт города Конаев

Комментарии

Объявления