• Главная
  • Қонаевта "Мектепке жол" акциясы аясында 75 млн теңгеге жуық көмек көрсетілді
14:01, Сегодня
Надежный источник

Қонаевта "Мектепке жол" акциясы аясында 75 млн теңгеге жуық көмек көрсетілді

Қонаев қаласында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.

Білім бөлімінің мәліметінше, осы уақытқа дейін мемлекеттік бюджеттен 73 млн теңгеден астам қаржы қарастырылып, 1442 баланың ата-анасының шотына ақша аударылды.

Мемлекеттік қолдауға ие болғандардың қатарында атаулы әлеуметтік көмек алушылар, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан, жетім және қамқоршылықтағы, әлеуметтік осал топтан шыққан балалар бар.

Сондай-ақ қала кәсіпкерлері акцияға белсенді қатысуда. Демеушілер тарапынан 53 балаға 2 млн теңге сомасында көмек көрсетілді.

Аталған акция тамыздың 31-не дейін жалғасады.

Қосымша сұрақтар мен өтінімдерді қабылдау үшін әр білім ошағында байланыс орталықтары құрылған:

  • Орта мектеп-гимназиясы – 870759382672.
  • Қазақ орта мектеп-лицейі – 874733979383.
  • Д.Қонаев ат. №1 қазақ ОМ – 877594520344.
  • Ы.Алтынсарин ат. №1 ОМ – 870701937175.
  • Ш.Уәлиханов ат. №2 гимназия – 870066984906.
  • №2 ОМ – 8707 504 19 007.
  • №3 ОМ – 8747 237 22 128.
  • Қ.Қайсенов ат. №4 ОМ – 8770 822 61 699.
  • А.Жұбанов ат. №5 ОМ – 8775 873 23 3310.
  • Шеңгелді ауылындағы №6 ОМ – 8776 986 18 2211.
  • Кербұлақ ауылындағы №7 ОМ – 8707 161 51 9212.
  • Сарыбұлақ ауылындағы №8 ОМ – 8777 050 90 0413.
  • Қосқұдық ауылындағы №9 ОМ – 8702 695 48 9314.
  • Ақөзек ауылындағы №10 ОМ – 8707 128 35 57.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Комментарии

Объявления