• Главная
  • Алматы облысында тағы бір жаңа мәдениет нысаны пайдалануға берілді
13:25, Сегодня
Надежный источник

Алматы облысында тағы бір жаңа мәдениет нысаны пайдалануға берілді

Алматы облысы Қарасай ауданының Жібек жолы ауылында 200 көрерменге арналған жаңа Мәдениет үйі ашылды. Заманауи нысан ауыл тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастырып, балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Мәдениет үйінде көрермендер залы, сахна және шығармашылық үйірмелерге арналған кабинеттер бар. Мұнда концерттер, театрландырылған қойылымдар, мерекелік және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар домбыра, жыр-терме, ән, би, қолөнер үйірмелері, ақындар мен «Шежіре» тәлім орталығы, ата-әжелер ансамблі жұмысын бастайды.

Алматы облысында тағы бір жаңа мәдениет нысаны пайдалануға берілді, фото-1

Бес гектар аумақта орналасқан нысанның құрылысына 658,7 млн теңге бөлінді. Ауыл тұрғындары жаңа Мәдениет үйінің ашылғанына ризашылықтарын білдірді. Айтуларынша, елді мекенде балалар мен жастардың шығармашылықпен айналысып, бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін осындай орын көптен қажет болған. Жаңа нысанның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев ауылдағы мәдениет ошақтарының маңызына тоқталды.

«Бұл – жай ғана жаңа ғимарат емес. Бұл – ауылдың мәдени өмірін жандандыратын, балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға жол ашатын орта. Мұнда ұлттық өнеріміз бен дәстүріміз дәріптеліп, түрлі буын өкілдері бас қосатын болады. Мемлекет басшысы мәдениет пен өнердің ел өміріндегі маңызын үнемі айтып келеді.

Сондықтан облыста мәдени инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы төрт жылда бұл салаға 52,6 млрд теңге бағытталып, 10 жаңа мәдениет нысаны салынды, 19 мәдениет үйі жөндеуден өтті. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасады», – деді Ғани Майлыбаев.

Алматы облысында тағы бір жаңа мәдениет нысаны пайдалануға берілді, фото-2

Жібек жолы ауылындағы жаңа мәдениет үйі – соңғы жылдары облыста пайдалануға берілген мәдени нысандардың бірі. Былтыр Кеген ауданындағы Жалағаш және Жылысай, Іле ауданындағы Өтеген батыр, Жамбыл ауданындағы Мәтібұлақ ауылдарында жаңа мәдениет үйлері ашылды. Биыл Жамбыл ауданындағы Шиен ауылында Мәдениет үйінің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар демеушілердің қолдауымен Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

Қазір облыста Жамбыл ауданының Қарғалы және Іле ауданының Боралдай ауылдарында жаңа мәдени нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Алдағы уақытта да мәдениет үйлері мен басқа да мәдени нысандарды жаңғырту және салу жұмыстары кезең-кезеңімен жалғаспақ.

Алматы облысында тағы бір жаңа мәдениет нысаны пайдалануға берілді, фото-3

Былтыр Кеген ауданындағы Жалағаш және Жылысай, Іле ауданындағы Өтеген батыр, Жамбыл ауданындағы Мәтібұлақ ауылдарында жаңа мәдениет үйлері ашылды. Биыл Жамбыл ауданындағы Шиен ауылында Мәдениет үйінің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар демеушілердің қолдауымен Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

Қазір облыста Қарасай ауданының Әйтей, Жамбыл ауданының Қарғалы және Іле ауданының Боралдай ауылдарында жаңа мәдени нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Алдағы уақытта да мәдениет үйлері мен басқа да мәдени нысандарды жаңғырту және салу жұмыстары кезең-кезеңімен жалғаспақ.

Алматы облысында тағы бір жаңа мәдениет нысаны пайдалануға берілді, фото-4
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Сайт города Конаев

Комментарии

Объявления