• Главная
  • Шеңгелдіде ақсақал сайлаушыларға бата берді
08:03, Сегодня
Надежный источник

Шеңгелдіде ақсақал сайлаушыларға бата берді

Шеңгелді ауылдық округіндегі №956 сайлау учаскесінде дауыс беруге келген тұрғындарға ел ағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Алматы облысы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Дәнебекұлы Беспаев ақ батасын берді.

Саналы ғұмырын ұстаздыққа, ел басқару ісіне және қоғамдық қызметке арнаған ақсақал сайлаушыларға амандық, елге бірлік пен береке тілеп, ізгі ниетін білдірді.

83 жастағы Амангелді Дәнебекұлы бүгінде де қоғамдық өмірге белсене араласып, ел бірлігін нығайтуға және жас ұрпақ тәрбиесіне бағытталған бастамаларға атсалысып келеді.

Ақсақалдың батасы сайлау учаскесіне келген тұрғындарға ерекше әсер сыйлап, елдік пен бірліктің маңызын тағы бір мәрте айшықтады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Сайт города Конаев
Спецтема
Президент Республики Казахстан назначил выборы депутатов Курултая на 23 августа 2026 года. Центральной избирательной комиссии поручено организовать подготовку и проведение избирательной кампании.

Комментарии

Объявления