Спецтема
Президент Республики Казахстан назначил выборы депутатов Курултая на 23 августа 2026 года. Центральной избирательной комиссии поручено организовать подготовку и проведение избирательной кампании.
Қонаев қаласының тұрғыны Ұлжан Дәрібаева 1934 жылы тамыз айының 22 жұлдызында дүниеге келген. Күні кеше туған күнін тойлаған кейуана бүгін үйінен таңдау жасап, Құрылтай сайлауында белсенділік танытты.
«Біз ҰОС кезеңін де, тәуелсіздік алған тұстың да куәсі болдық. Кеше 92-ге келіп, бүгін, міне, маңызды саяси науқан Құрылтай сайлауының қатысушысы болып отырмын. Қазақстанның келешегі кемел, егемендігі өміршең болсын! Артымыздан ерген азаматтар аман болғай!» − деді Ұлжан әже.
Айта кетейік, Қонаевта 50-ден астам тұрғын үйден дауыс беруге өтініш білдірген.
Комментарии