• Главная
  • Қонаевта 18 жастағы тұрғын алғаш рет сайлауда дауыс берді
11:13, Сегодня
Надежный источник

Қонаевта 18 жастағы тұрғын алғаш рет сайлауда дауыс берді

Қонаевта 18 жастағы тұрғын алғаш рет сайлауда дауыс берді, фото-1

Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесіне бүгін алғаш рет дауыс беруге келген жастардың бірі − 18 жастағы Ізбасар Аяжан Сәкенқызы.

Аяжан 2008 жылғы 1 мамырда дүниеге келген. Қазір П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде «Эстрадалық вокал» мамандығы бойынша 4-курста оқиды.

Жастайынан өнерге жақын Аяжан түрлі байқаулар мен жобаларға қатысып жүр. Ол «The PLANET of ART» халықаралық фестивалінің жеңімпазы, Мәскеу қаласында өткен «Бессмертный полк» халықаралық фестиваліне қатысқан. Сондай-ақ «THE VOICE ҚАЗАҚСТАН – 2025» жобасында бақ сынаған.

Бүгінгі күннің Аяжан үшін орны бөлек. Бұған дейін сахнаға талай рет шыққан жас өнерпаз бұл жолы сайлау учаскесіне алғаш рет сайлаушы ретінде келді.

«Бүгін алғаш рет сайлауға қатысып отырмын. Шынымды айтсам, аздап толқыныс та бар. Бұрын сайлау туралы сырттай естіп, көріп жүрсек, енді өзім де оған қатысып отырмын. Бір адамның дауысы аз көрінуі мүмкін, бірақ әркім өз таңдауына жауапкершілікпен қараса, оның маңызы зор деп ойлаймын. Еліміздің болашағы жарқын болып, жастардың белсенділігі жыл сайын арта берсе екен деймін», − деді Аяжан.

Алғаш рет дауыс беру, жас адамның азаматтық өміріндегі есте қалатын сәттердің бірі. №949 сайлау учаскесінде Аяжан үшін бүгін дәл осындай күн болды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Сайт города Конаев
Спецтема
Президент Республики Казахстан назначил выборы депутатов Курултая на 23 августа 2026 года. Центральной избирательной комиссии поручено организовать подготовку и проведение избирательной кампании.

Комментарии

Объявления