• Главная
  • Қонаевта Құрылтай рухы: орталық алаңда алып әуе шары пайда болды
15:43, 23 августа
Надежный источник

Қонаевта Құрылтай рухы: орталық алаңда алып әуе шары пайда болды

Қонаев қаласының орталық алаңында Құрылтайға арналған ерекше инсталляция пайда болды. Алаңға «Құрылтай» деген жазуы бар әуе шары орнатылды.

Көлемді композиция қала тұрғындары мен қонақтарының назарын аударып, орталық алаңның көркін айшықтай түсті. Ерекше нысанның жанында тұрғындар естелік суретке түсіп, еліміздегі қоғамдық-саяси оқиғаның атмосферасын сезіне алады.

Әуе шарының көкке бағытталған бейнесі елдің алға ұмтылысын, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген сенімді символдық тұрғыда аңғартады. Ал «Құрылтай» жазуы ел өміріндегі маңызды саяси үдеріске назар аударып, азаматтардың белсенділігін арттыруға үндейді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Сайт города Конаев

Комментарии

Объявления