
Новости компаний
18:05, Сегодня
Надежный источник
200 бірінші сынып оқушысына "Балаларды мектепке даярлайық" акциясы аясында көмек көрсетілді
Новости компаний

Жаңа оқу жылы қарсаңында Shin-Line корпоративтік қайырымдылық қорының ұйымдаструымен "Балаларды мектепке даярлайық" акциясы өтті. Биыл көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 200 оқушыға мектеп сөмкелері мен қажетті кеңсе тауарларының толық жиынтығы табысталды.
Бастаманың басты мақсаты - отбасыларға қолдау көрсетіп, балалардың жаңа оқу жылына қажетті құралдармен қамтылуына көмектесу.

"Бала үшін жаңа сөмке мен мектепке қажетті құралдар - жай ғана заттар емес. Бұл - жаңа кезеңге дайын екеніңді сезіну, өз қатарластарыңмен бірге мектеп өмірін сенімді бастау мүмкіндігі. Сондықтан біз үшін мұндай қолдаудың жүйелі түрде көрсетіліп, балаларға оқу жылын қуанышпен бастауға мүмкіндік бергені маңызды", - деді Shin-Line корпоративтік қайырымдылық қорының президенті Дамир Дигай.

"Балаларды мектепке дайындайық" акциясы 2023 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде 600-ден астам балаға мектеп сөмкелері мен кеңсе тауарларының толық жиынтығы табысталды.

Бірнеше жыл ішінде бұл акция Shin-Line корпоративтік қайырымдылық қорының игі дәстүріне айналды. Оның басты мақсаты - көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіп, балаларға мектеп өмірін қуанышпен әрі сенімді бастауға көмектесу. Компания әлеуметтік және қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруды жалғастырады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:28
В Конаевском гарнизоне совершенствуют организацию ротных тактических учений
Конаевский гарнизон
16:49
Марат Султангазиев провел личный прием: какие вопросы подняли жители Алматинской области
Прием граждан
21:54
Вчера
ТОП новости
Объявления
Комментарии