• Главная
  • Алматы облысында "Жылу орталығы" МКК-ның өтінімі ауылы бойынша жария тыңдау өтеді
Новости компаний
16:21, Вчера
Надежный источник

Алматы облысында "Жылу орталығы" МКК-ның өтінімі ауылы бойынша жария тыңдау өтеді

Новости компаний

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Жылу орталығы» МКК-ның жылумен жабдықтау жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметіне тариф пен тарифтік сметаны бекіту бойынша жария тыңдау өтетінін хабарлайды.

Жария тыңдау тарифті бекітуге немесе өзгертуге өтінімді қарау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті рәсім болып табылады. Оларды өткізу ашықтықты қамтамасыз етуге, тұтынушылардың пікірлерін ескеруге және тарифтерді бекіту кезінде әділеттілік қағидаттарын сақтауға бағытталған.

Жария тыңдау 2026 жылы 8 қыркүйектегі сағат 16:00-де Алматы облысы, Қонаев қаласы, Сакен Сейфуллин көшесі, 30 үй мекенжайында өтеді.

Департамент тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғаларды жария тыңдауға қатысуға шақырады.

Жария тыңдауға қатысуға жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, табиғи монополиялар субъектілері және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.

Анықтама үшін телефон – 8 777 122 19 88.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Сайт города Конаев

Комментарии

Объявления