• Главная
  • Samsung Electronics және QAIRU ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Новости компаний
14:33, Сегодня
Надежный источник

Samsung Electronics және QAIRU ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Новости компаний
Samsung Electronics және QAIRU ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, фото-1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапары аясында Samsung Electronics және Қазақ жасанды интеллект зерттеу университеті (QAIRU) бірлескен білім беру бастамаларын жүзеге асыру үшін ынтымақтастық орнатты.

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсіміне Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Samsung Electronics вице-президенті Джо Сон Чжэ қатысты.

Ұйымдар жасанды интеллекттің ең жылдам дамып келе жатқан технологиялық саласында студенттерді даярлау үшін бірлесіп жұмыс істейтін болады. Серіктестік аясында университет базасында Samsung Innovation Campus оқу сыныбы ашылды, ал Samsung ұсынған «Жасанды интеллект» бағыты бойынша оқу материалдары ЖОО-ның білім беру бағдарламасына интеграцияланады. 

Samsung Electronics және QAIRU ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, фото-2

Samsung Innovation Campus жобасы аясында студенттер заманауи технологияларды үйреніп қана қоймай, болашақ экономикада сұранысқа ие практикалық білім мен дағдыларды игере алады. Тараптар студенттердің АІ саласындағы әлеуетін нығайту және заманауи технологиялық білімге қолжетімділікті кеңейту бойынша бірлесіп жұмыс істеуге ниетті.

Samsung Innovation Campus – мектеп оқушылары мен студенттерге цифрлық экономиканың ең өзекті бағыттарын: жасанды интеллект, заттар интернеті (IoT), мобильді әзірлеу және үлкен деректерді талдауды тегін меңгеруге көмектесетін халықаралық бастама.

AI бағыты аясында қатысушылар машиналық оқыту принциптерімен танысады, терең оқыту кітапханаларын зерттейді, нейрожелілерді жаттықтырады және интеллектуалды шешімдерді әзірлеу үшін заманауи платформалармен жұмыс істейді.

Бүгінде Samsung Innovation Campus әлемнің 30-дан астам елінде іске асырылуда. Қазақстанда бағдарлама 2017 жылдан бері жұмыс істейді және осы уақыт ішінде мыңдаған жастарға технологиялар мен бағдарламалау әлеміне алғашқы қадам жасауға көмектесті.

QAIRU жобасының серіктесі – өзін Орталық Азиядағы AI-Enabled алғашқы университеті ретінде таныстыратын жаңа буын университеті. Мұнда жасанды интеллект оқу процесіне терең интеграцияланған. Университет тек дайын құралдарды ғана емес, AI технологияларын жасай алатын инженерлерді дайындауға баса назар аударады.

Samsung Electronics және QAIRU ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, фото-3

QAIRU-дың құрылуы болашақ технологияларды дамыту жөніндегі неғұрлым кең мемлекеттік күн тәртібінің бөлігіне айналды. 2025 жылдың күзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде жасанды интеллект мамандарын даярлайтын және экономиканың барлық саласына жасанды интеллектті енгізуге ықпал ететін зерттеу университетін құру қажеттігін атап өтті.

Жасанды интеллект күнделікті өмірдің, бизнестің, ғылымның, өнеркәсіптің және білім берудің бір бөлігіне айналған сайын, осы өзгерістерге бейімделіп қана қоймай, оларды жасай алатын мамандарды даярлау маңызды міндетке айналуда.

Samsung Innovation Campus аясында жаңа академиялық жылға тіркеу қазірдің өзінде ашылды және 25 тамызға дейін жалғасады. AI-курс пен машиналық оқытудан басқа, Қазақстанның түкпір-түкпірінен 13-25 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен студенттер Python бағдарламалау тілінде деректерді талдауды және Java-да мобильді қосымшаларды әзірлеуді үйрене алады. Тіркелу сілтеме бойынша қолжетімді. 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Сайт города Конаев

Комментарии

Объявления