• Главная
  • Қонаевта "Smart Teacher Qonaev-2026" жобасының қорытындысы шығарылды
10:03, Сегодня
Надежный источник

Қонаевта "Smart Teacher Qonaev-2026" жобасының қорытындысы шығарылды

Қонаевта жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізуге бағытталған «Smart Teacher Qonaev-2026» жобасының қорытындысы шығарылды. Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шара қаланың орталық алаңында өтті.

Жобаға 12 мектеп пен 13 мектепке дейінгі білім беру ұйымы қатысты. Бірнеше ай бойы педагогтер сабақ әзірлеу, оқу материалдары мен жеке тапсырмалар дайындау кезінде цифрлық құралдарды қолдану бағытында тәжірибе жинақтады.

Қонаевта "Smart Teacher Qonaev-2026" жобасының қорытындысы шығарылды, фото-1

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов заманауи технологиялар білім саласына жаңа мүмкіндіктер беретінін атап өтіп, педагогтің міндеті – оларды тиімді әрі жауапкершілікпен пайдалану екенін айтты.

«Smart Teacher Qonaev» жобасы білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні тиімді әрі жауапты қолданудың жаңа мүмкіндіктерін ашты. Бұл – педагогтердің жаңашылдыққа ұмтылысының айқын көрінісі», – деді Асхат Бердіханов.

Қонаевта "Smart Teacher Qonaev-2026" жобасының қорытындысы шығарылды, фото-2

Жобаның негізгі бағыттарының бірі – оқушылардың жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолдануын қалыптастыру. Ұстаздардың айтуынша, нейрожелілер білім алуға көмектескенімен, баланың өз бетінше ойлауын алмастырмауы тиіс.

«Тапсырмалар баланы талдауға, ақпарат іздеуге және өзіндік қорытынды жасауға ынталандыруы керек. Жасанды интеллект адамның ойлау қабілетін алмастырмай, тек көмекші құрал болғаны дұрыс», – дейді Қонаев қаласындағы орта мектеп-гимназиясының мұғалімі Асия Қарақойшинова.

Қонаевта "Smart Teacher Qonaev-2026" жобасының қорытындысы шығарылды, фото-3

Жоба қорытындысы бойынша үздік білім беру ұйымдары бірнеше номинациямен марапатталды. Қазақ орта мектеп-лицейі «Жылдың цифрлық серпілісі», ал орта мектеп-гимназиясы «Smart көшбасшы мектебі-2026» номинацияларында үздік атанды.

Жоба Қонаевтағы білім беру саласын цифрландырудың жаңа технологияларды меңгерумен ғана шектелмейтінін көрсетті. Бұл үдерістің өзегінде оқушыға ақпарат алуды ғана емес, өз бетінше ойлауды үйрететін педагог тұр.

Қонаевта "Smart Teacher Qonaev-2026" жобасының қорытындысы шығарылды, фото-4
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Сайт города Конаев

Комментарии

Объявления
Жарочный шкаф 3х6 Электрический. Пекарский шкаф Пекарский шкаф электрический 3х уровневый - предназначен для выпечки хлеба, тортов и других хлебобулочных изделий. Обладает следующими достоинствами: микропроцессорная система нагрева; система контроля конт
08:21, 27 сентября г.
Жарочный шкаф 2х2. Электрический. пекарский Шкаф пекарский электрический 2-уровневый Предназначение: Идеален для выпечки лепешек, тортов и других хлебобулочных изделий. Этот 2-уровневый пекарский шкаф значительно увеличивает производительность и является
08:21, 27 сентября г.