Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінде Ұлттық ұланның әскери 3660 бөлімінің қолбасшылығымен бірлесіп жедел кеңес өткізілді.
Кеңеске Департаменттің және ведомстволық бағынысты мекемелердің жедел және режимдік қызметтерінің, тәрбие мен кезекші бөлімдерінің қызметкерлері, сондай-ақ командирлер, әскери наряд бастықтары және 12, 14 және 57 мекемелерге кіретін әскери қызметшілер қатысты.