Қонаев қаласының тұрғыны 46 жастағы әйел аяғында бөгде зат барын білмеген. Айтуынша, бірнеше жыл бұрын тізе буыны қақсап ауыра бастапты.
Алғашында сүйегі қажалып, жарық ауруына ұшыраған деп болжаған. Кейіннен Қонаев қалалық ауруханасына келіп, дәрігерлер көмегіне жүгінген.
Дәрігерлердің айтуынша, науқасқа сәтті ота жасалып, ол бірнеше күннен кейін аяққа тік тұрған. Қазірде оның жағдайы жақсы, үйіне жіберіліпті.
Айта кетерлігі, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы дәрігерлері жаз мезгілі жақындаған сайын жарақат алу фактілері жиілейтінін айтып дабыл қағып отыр.
Дәрігердің сөзінше, былтыр осы кезеңмен салыстырғанда Қонаевтағы ауруханада күніне 2-3 ота шұғыл түрде де, портал арқылы жоспарлы оталар да жүргізілетін.
Бұл тұрғыда медицина мамандарының ақпарынша, МӘМС-тің көмегі зор. Өйткені, сақтандырылған азамат портал арқылы кез келген қажетті медициналық көмегін алып, отасын жасата алады.
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі