18+

Алматы облысының полиция қызметкерлері мектеп түлектерімен кәсіби бағдар және есірткіге қарсы кездесулер өткізуде

Алматы облысында жастарға құқықтық түсіндіру жұмыстары мен нашақорлықтың алдын алу шаралары жалғасуда.

Өңір полицейлері мектеп бітіруші түлектермен кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізіп, ішкі істер органдарындағы қызметтің болашағы туралы айтып берді. Сонымен қатар, олар есірткімен күрес тақырыбында мазмұнды әңгімелер жүргізді.

Құқық қорғаушылар заңды сақтау мен әр азаматтың өз іс-әрекеті үшін жеке жауапкершілігін ерекше атап өтті. Оқушыларға Қылмыстық кодекстің және есірткіге қарсы заңнаманың нормалары түсіндіріліп, тыйым салынған заттарды сақтау, пайдалану және тарату салдарлары қандай болатыны жайында айтылды.

"Біздің басты міндетіміз – жастарға заңға бағынудың маңыздылығын еске салу ғана емес, сонымен қатар оларға дұрыс жолды – халыққа, заң мен тәртіпке қызмет ету жолын таңдауға көмектесу", – деді полиция қызметкерлері.

Іс-шара барысында оқушыларға есірткінің зияны туралы деректі бейнематериалдар мен құқық бұзушылықтардың нақты салдарын көрсететін өмірден алынған оқиғалар ұсынылды.

Мұндай кездесулер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі республикалық бағдарлама аясында өткізіліп, жасөспірімдерде құқыққа қарсы әрекеттерге тұрақты теріс көзқарас қалыптастыруға бағытталған.

Полицейлер қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында әрбір жас азаматтың Заң жолын саналы түрде таңдауы, қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне жеке үлес қосудың маңыздылығын түсінуі аса қажет екенін атап өтті.

Конаевский гарнизон
12:56, 29 мая
МО РК
20:13, 28 мая