Осы жолы игі шара Қонаев қаласындағы "Жетісу" базары, "Qonaev City" сауда орнында және халық көп шоғырланған қала орталығында өткізілді.
Акция аясында тұрғындарға тегін медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалы ұйымдастырған шарада халыққа МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтер түсіндірілді.
Мамандар науқастардың құқығы туралы айтып, ақпараттық жадынамалар таратты. "Сақтандырылған" мәртебесі бар азаматтар медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болатынын баса айтты.