Донорлық қан әр сағатта, әр минутта қажет. Алматы облысының жастары өзгенің өмірін сақтап қалуға атсалысып, Қарасай ауданында өткен ауқымды "Жақсылық жаса, донор бол" акциясына қатысты.
Жастар өз еріктерімен қан тапсырып, өзгеге өмір сыйлады. Донор болу арқылы науқас адамдарға, жарақат алған жандарға және қанға зәру пациенттерге үміт берді.