Алматы облысында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған экологиялық бағдарламаға өңір жастары белсенді атсалысуда.
Өйткені жыл басынан экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ауқымды шараларды өткізді. Аймақты тазартуға 16 мың жанашыр экоерікті біркісейді күш салған. Айта кетерлігі, былтыр да өңір жастары белсенділігінің нәтижесінде аймақ аумағынан 30 мың тоннаға тарта қоқыс шығарылып, 87 мыңнан аса ағаш көшеттері отырғызылған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, "Таза Қазақстан" жастардың бойында экологиялық сауаттылық пен мәдениетті арттыруда, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне белсенді тарту мен табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеуде айрықша рөл атқарады. Бұл жұмыстар өңірдің түкпір-түкпірінде жалғасын табуда.
Әсіресе, аталған істе Талғар қаласының азаматтары белсенді. Қатарында жас волонтер Ернат Саяев та бар. Жергілікті колледждердің бірінде оқитын студент 12 жасынан еріктілікпен айналысады екен. Бұл менің – азаматтық борышым, - дейді.
Талғар ауданы биыл 16 мың адамның басын қосып, ауқымы кең 100-ге тарта акцияны өткізген. Экологиялық шаралардың бастысы - "Талхиз" қалашығына және "Талғар" шыңында өткен. Ескерткіштер, өзен-көлдердің айналасы қоқыстан аршылып, 6 мыңға жуық көшет отырғызылған. Бұл ғана емес, әлеуметтік осал топ өкілдерінің де үй аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізуді де алға қойған.
"Таза Қазақстан" - бұл тек экологиялық шара ғана емес, бұл тұрғындардың табиғаттағы проблемаларға салғырт қарамауы, көптің осы бағыттағы жауапкершілігін арттыруға арналған кең ауқымды жоба. Облыс жастары мұны терең түйсініп, облыстың экологиялық ахуалын жақсартуға нәтижелі үлестерін қосып отыр.
Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі