18+

Алматы облысында ірі жүйе құраушы кәсіпорындарға МӘМС артықшылықтары түсіндірілді

Алматы облысы - ірілі-ұсақты кәсіпорындарға бай. Жүйе құраушы нысандар қазір іргелерін кеңейтіп, өнім көлемін ұлғайтып келеді.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ облыстық филиалының өкілдері аймақтағы бірқатар өндіріс орындарының жұмысымен танысып, оларға жүйенің артықшылықтарын түсіндірді.

Шара барысында жұмысшы маман иелеріне МӘМС-тің тиімділігі, сақтандыру мәртебесінің мүмкіндіктерін пайдалану, өз құқықтарын қорғау және уақытылы скринингтік тексерулерден өту маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар МӘМС туралы ақпараттық материалдар: буклеттер, брошюралар таратылды.

"Қордың веб-сайтында медициналық көмекті қаржыландырудың барысы, азаматтарды МӘМС жүйесімен қамту, медициналық көмек алу және пациенттердің құқықтарын қорғау, тексеру және мәртебені алу мәселелеріне қатысты түсіндірмелер туралы есеп релиздері тұрақты түрде жарияланып тұрады.

Қор диалогқа ашық және азаматтарды олардың құқықтары бұзылған немесе медициналық қызметтерден бас тартылған жағдайлар туралы хабарлауға шақырады. Өтінішті Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, msqory.kz сайты және Telegram-да @Saqtandyrýbot арқылы қалдыруға болады", - деді жиында қордың облыстық филиалының бөлім басшысы Әкімбек Саурықбаев.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысы бойынша медициналық көмек алуға қатысты пациенттерден Қорға СРМ жүйесі арқылы 3594 өтініш түсті, оның 1642 – шағым.

Құрылымы бойынша қарайтын болсақ, өңір тұрғындары негізінен емханалардағы медициналық қызметтің сапасына, консультациялық-диагностикалық қызметтерді ұзақ күту және стационарлардағы сапасыз медициналық көмекке қатысты шағымданады. Сондықтан кәсіпорын қызметкерлерінің мәселелері де тыңдалды.

Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Әсіресе, порталды күту мерзімі, жарналардың мөлшері, МӘМС шеңберінде талдау, зерттеулердің қолжетімділігі, бейінді мамандарға жазылу, емханаға тіркелуі сынды тақырыптар қамтылды.

Айта кетерлігі, мамандар облыстағы 10-нан астам кәсіпорынды аралап, оның қызметкерлеріне ауқымды ақпарааттық жұмысын жүргізді. Өз кезегінде қажетті мәлімет алған тұрғындар ризашылығын білдірді.

ӘМСҚ КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі