Қонаев қаласында 16 қыркүйек күні кешкі сағат 20.56-да Графтио көшесі №2В мекенжайындағы тұрғын үй өртенді.
Аталған тұрғын үй апатты деп танылып, "Реновация" бағдарламасына енгізілген. Бағдарлама бойынша үйдің басқа тұрғындары бұған дейін пәтерлерінен көшірілген. Пәтерлерді сатып алуға бюджеттен қаражат бөлініп, конкурстық рәсімдер ТҮКШ бөлімі арқылы жүргізілген.
Қазіргі таңда мұндағы бір пәтерде зейнеткер қоныстанған. Абырой болғанда, өрт зейнеткердің пәтеріне жетпеген, зақым келтірмеген. Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов оны қабылдап, әкімдіктің алдағы уақытта жасайтын іс-әрекеттері туралы айтып берді. Шаһар басшысының сөзінше, зейнеткердің пәтерінің орнына басқа тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алынып, беріледі.