Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы аясында Райымбек ауданындағы Н. Ә. Назарбаев атындағы шекара бекетінде және Нарынқол шекара бөлімшесінде жастарға арналған "ERLIK" әскери-патриоттық іс-шарасы өтті.
Шара барысында ашық есік күні ұйымдастырылып, жастар шекара қызметімен жақын танысу мүмкіндігіне ие болды.
Алғашқы күні Н. Ә. Назарбаев атындағы шекара бекетінде өткен іс-шарада Шекара бөлімше бастығы капитан Сәуірбаев Ерасыл Нысанбекұлы қатысушыларды шекарашылардың күнделікті қызметімен және заманауи әскери қару-жарақтармен таныстырды. Сондай-ақ, әскери дайындық элементтері бойынша шеберлік сабақтар, спорттық ойындар және әскери жарыстар ұйымдастырылып, жастар өз күштерін сынауға мүмкіндік алды.
Жастар шекара сарбаздарының қызметімен тікелей танысып, олардың ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолындағы еңбектерінің маңызын түсінді. Қатысушылардың қызығушылығы мен белсенділігі жоғары болды. Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Іс-шараның ұйымдастырушысы, Алматы облысы Жастар ресурстық орталығы Ұйымдастыру бөлімінің басшысы Шыңғыс Мұқашевтың айтуынша, мұндай шаралар жастардың бойындағы патриоттық сезімді оятып, елге қызмет етуге деген сенім мен ұмтылысты арттырады:
Келесі күні "ERLIK" іс-шарасы Нарынқол шекара бөлімшесінде жалғасын тапты. Мұнда Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдарханов Серікболсын Жанболатұлы жастарға шекара қызметінің ерекшеліктері мен әскери дайындық бойынша ақпарат беріп, қару-жарақ түрлерін көрсетті. Бұл жерде де әскери жарыстар мен шеберлік сабақтары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Жалпы, екі күндік іс-шараға 40-тан астам жас қатысты. Олар үшін бұл - әскери өмірге терең үңілу, батырлық пен ерлік рухын сезіну, болашақта ел қорғаны болуға деген сенімді арттырудың тамаша мүмкіндігі болды.
Жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі