Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қарасай ауданында жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, өнер саласындағы дарынды жастарды қолдау, командалық рух пен бірлікті нығайтуға бағытталған "JAS STARS" өнер байқауы өтті.
Байқау екі кезеңнен тұрды: іріктеу және финалдық кезең. Қатысушылар үш бағыт бойынша – ән айту, би және музыкалық аспапта ойнау бойынша өнер көрсетті. Жастар өз таланттарын паш етіп, өңірлік деңгейде тәжірибе алмасуға және жаңа достық байланыстар орнатуға мүмкіндік алды.
Байқау жеңімпаздарына қомақты жүлделер табысталды:
- І орын – Қарасай ауданы (350 000 теңге);
- ІІ орын – Қонаев қаласының "Өнер" мектебі (250 000 теңге);
- ІІІ орын – Балқаш ауданы (150 000 теңге).
Кеш барысында эстрада жұлдыздары мен арнайы шақырылған бэнд қатысушыларға ән шашуын арнап, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Өнер арқылы жастардың шабытын оятып, шығармашылыққа қанат бітіретін "JAS STARS" байқауы алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп күтілуде.
Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі