Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасында урология бөлімінің дәрігерлері бүйрек үсті безінің сирек кездесетін гормоналды белсенді ісігі – феохромоцитоманы сәтті алып тастау операциясын жүргізді.
41 жастағы науқас қабылдауға артериялық қысымның күрт көтерілуі, жүрек соғысының жиілеуі, қатты тершеңдік және әлсіздік сияқты шағымдармен түсті.
Жүргізілген тексеру барысында оң жақ бүйрек үсті безінде көлемі 6 см болатын түзіліс анықталды. Зертханалық талдаулар метанефриндердің жоғары деңгейін көрсетіп, феохромоцитома диагнозын растады. Бұған дейін жедел коронарлық синдромды өткергеніне қарамастан, кардиологтың кеңесінен кейін операцияға қарсы көрсетілімдер анықталған жоқ.
2025 жылдың 4 қарашасында бөлім меңгерушісі Жанибек Исаевтың жетекшілігімен урологтар тобы лапароскопиялық оң жақ адреналэктомияны орындады.