"Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!" жалпыұлттық коалициясының мүшелері Жамбыл ауданындағы Жамбыл ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Жиында 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Коалиция өкілдері саяси жүйені жаңғырту, билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайту, Президенттің бір реттік жеті жылдық мерзімін бекіту, Құрылтайды толықтай пропорционалды сайлау жүйесі арқылы қалыптастыру және Конституциялық Соттың тәуелсіз мәртебесін айқындау мәселелеріне тоқталды.
Сондай-ақ жаңа редакцияда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты бекітілетіні, азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатыны атап өтілді. Бұдан бөлек, 8-баптың 3-тармағына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері мен өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені түсіндірілді.