Қонаев қаласында, Қапшағай су қоймасының 7-ші қалалық жағажайы маңында профилактикалық рейд барысында ТЖМ құтқарушылары жағадан шамамен 1,5 шақырым қашықтықта бөлініп кеткен мұз үстінде қалған екі балықшыны анықтады.
Сонымен қатар оқиға туралы Алматы облысының "112" пультіне балықшылардың өздерінен хабарлама түсті.
Құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына жетіп, әуе жастықшалы кемені пайдаланып ер адамдарды жағаға эвакуациялады. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.