Бүгін Қонаев қаласы әкімдігінде 18-шағынаудандағы жер учаскелерінің иелерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Qonaev-gorod Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Азаматтарды Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы, Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов, Қонаев қаласының прокуроры Жәнібек Жақаев, Алматы облысы Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Жандос Нұрлыбаев, сондай-ақ әкімдіктеді жауапты бөлімдердің басшылары қабылдады.
Кейін жер учаскесі бір меншік иесінен бірнеше рет өзге азаматтарға сатылған, сондай-ақ оның нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы мен коммерциялық мақсаттарға өзгертілген. Одан бөлек, жер иесі аумақты 100-ден астам дербес жер теліміне бөліп, оның бір бөлігін үшінші тұлғаларға сатқан.
Бүгінгі күні аталған 11 гектар аумақта тек бір жер үйдің құрылысы жүзеге асқан. Дегенмен, құрылыс барысында сәулет және құрылыс саласындағы заң талаптары сақталмаған, үйдің құжаттары заңдастырылмаған.
Уәкілетті орган тексеру жүргізіп, жерді бастапқы беру кезінде және одан кейінгі айналым барысында жер заңнамасы талаптарының бұзылғанын анықтады. 2026 жылғы 23 қаңтарда Қонаев қалалық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылып, бірқатар сатып алу және сату шарттары жарамсыз деп танылды.
Кездесу барысында қала прокуроры сот шешімінің құқықтық негіздерін және алдағы іс-қимыл тәртібін жан-жақты түсіндірді. Консультациялық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.