Нысанның құрылысы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірыңғай операторы – Samruk-Kazyna Trust арқылы қаржыландырылады.
Жалпы ауданы 2 мың шаршы метр болатын екі қабатты орталықта әртүрлі спорт түрлеріне арналған зал, 100 көрерменге арналған трибуна, күрес және бокс залдары, тренажер залы мен қосалқы бөлмелер қарастырылған.
Кешен лифтпен жабдықталады, соның арқасында екінші қабатқа барлық келушілер, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де қолжетімді болады. Жобаны жүзеге асыруға шамамен 1,6 млрд теңге бөлініп, құрылыс келесі жылы аяқталады. Осындай кешендер Ақтөбе, Арқалық және Семей қалаларында да салынатын болады.