Қонаев қаласында жылдық жоспар аясында көпқабатты тұрғын үйлердің шатырын жаңарту жұмыстары жүруде, деп хабарлайды Qonaev-gorod Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінде 10 үйдің шатыры толық ауыстырылып, заманауи талаптарға сай жаңартылуда. Сонымен қатар, 3 тұрғын үйде су ағар жүйелері жөнделіп жатыр. Бұдан бөлек, 10-нан астам үйдің қасбеттерін сырлау жоспарланған.
Аталған жұмыстар қала инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Әсіресе, тозығы жеткен шатырларды жаңарту – қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.