"AMANAT" партиясының Еңбекшіқазақ аудандық филиалы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Таза Қазақстан" жобасы аясында Бәйдібек би ауылында "Таза бейсенбі" экологиялық акциясын ұйымдастырды.
Тазалық жұмыстарына аудан әкімі, партия мүшелері, мәслихат депутаттары және ауыл тұрғындары қатысты. Акция барысында елді мекен аумағы толық қамтылып, қоқыс жиналды. Сонымен қатар ағаш түптері қопсытылып, жасыл желек суарылды. Қатысушылар демалыс орындарындағы орындықтарды тазалап, сынған бұтақтарды жинады.
Нәтижесінде 250-ге жуық адам 12 гектар аумақты қоқыстан тазартып, шамамен 35 тонна қалдықты арнайы полигонға жөнелтті. Іс-шараға 10 арнайы техника жұмылдырылды.
"AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Серік Нұрқадыровтың айтуынша, экологиялық мәселелерді шешу – партияның сайлауалды бағдарламасында айқындалған маңызды басымдықтардың бірі.
Айта кетейік, "Таза Қазақстан" жалпыұлттық жобасы аясында өңірде "Таза бейсенбі" экологиялық акциясы жүйелі түрде өткізіліп келеді. Мыңдаған тұрғын табиғатты таза ұстауға белсенді үлес қосып жүр.