Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округінде көктемгі дала жұмыстары қарқын алды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы бөлімі мәлімдеді.
Ақпаратқа сүйенсек, биыл 13 500 га жер игеріледі деп жоспарлануда. Оның ішінде:
- Дәнді және бұршақ дақылдар – 4259 га;
- май дақылдары – 300 га;
- бақша дақылдары – 556 га;
- картоп – 150 га;
- көкөністер – 529 га;
- қант қызылшасы – 240 га;
- мал азықтық дақылдары – 7521 га.
Су үнемдеу технологияларын пайдалану
14 шаруа қожалығы 2325 га егістік алқабына су үнемдеу технологияларын пайдаланады. Бұдан бөлек, биыл орман тұқымбағы салынады деп күтілуде. Онда 1000 гектар аумақта тамшылатып суару әдісі қолданылмақ.
Техникамен қамтылу деңгейі
Шеңгелді массивінде 181 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген. Былтыр шаруалар 263 млн теңгеге 10 бірлік техника сатып алды. Биыл олардың саны тағы 12-ге көбейеді.