Алматы облысы инвестициялық тартымдылығын жүйелі түрде арттырып, шетелдік капиталды тартудың негізгі орталықтарының бірі ретінде қалыптасуда.
Өнеркәсіптік кооперацияны дамыту аясында Беларусь инвесторлары өңірде жол таңбалау материалдарын өндіретін заманауи зауыт салу жобасын іске асыруды жоспарлап отыр.
Алматы қаласында Беларусь Республикасының Бас консулдығының ашылуы аясында «Алматы облысының өңірлік даму орталығы» ЖШС мен беларусьтік «СТиМ-АЗИЯ» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюдың салтанатты рәсімі өтті. Меморандумның мәні — серіктестік қатынастарды орнату және жобаны іске асыруға қажетті іс-шаралар кешенін айқындау.
Алматы облысының өңірлік даму орталығы директоры Ақжол Исаков мұндай жобаларды іске асыру халықаралық серіктестермен тиімді өзара іс-қимылды қалыптастыру және инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.