"AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы экологиялық мәселелер жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтіп, өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды.
Жиын барысында кеңес мүшелері мен жауапты сала өкілдері бірқатар маңызды мәселелерді қозғады. Атап айтқанда, Талғар ауданына қарасты Белбұлақ ауылындағы таулы аймақтың заңсыз кесілуі туралы мәселе күн тәртібіне шығарылды.
Қатысушылар табиғи аумақтың бүлінуі экологиялық тепе-теңдікке айтарлықтай қауіп төндіретінін атап өтіп, тиісті органдардың бақылауын күшейту қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, "Алматы–Талғар" тасжолы бойында көпжылдық ағаштарды заңсыз кесудің қайталанған деректері де назардан тыс қалмады. Кеңес мүшелері бұл жағдайдың жүйелі сипат алып бара жатқанын жеткізіп, жауапты мекемелерге нақты шаралар қабылдауды ұсынды.