Аналар күні қарсаңында 26363 әскери бөлімінде ерекше әрі жүрекке жылы әсер қалдырған шара өтті.
«Отбасымен бейне қоңырау» жобасы аясында мерзімді қызмет әскери қызметшілері туған-туыстарымен бейнебайланыс арқылы хабарласып, аналарына мерекелік құттықтауларын жолдады.
Әскери қызмет атқарып жүрген сарбаздар аналарына деген сағынышы мен алғысын жеткізіп, олардың мейірімі, қамқорлығы және қандай қашықтықта болса да баласына демеу болатын шексіз махаббаты үшін ризашылықтарын білдірді. Жоба әскери қызметшілердің рухани көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, отбасы құндылықтарының маңызын тағы бір мәрте айқын көрсетті.