Қонаев қаласында масалар мен өзге де зиянкестерге қарсы дезинсекциялық өңдеудің 3-кезеңі басталды. Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мәлімдеді.
Мамандардың айтуынша, 24 мамыр күні қала аумағындағы парктер мен скверлерде, Сейфуллин көшесінде, 18-шағынауданда және жағажай аумақтарында арнайы өңдеу жұмыстары жүргізілді. Дезинсекциялық шаралар кезең-кезеңімен ұйымдастырылып, алдағы 7 күн ішінде бүкіл қала аумағын қамтиды.