Қазақстан мен Қытай арасындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және іскерлік байланыстарды нығайтуға арналған жаңа мүмкіндіктер талқыланды.
Алматы облысының өңірлік дамыту орталығында Орталық директоры Ақжол Исақовтың, Нанкин қаласы халық үкіметі мэрінің орынбасары Сюй Фэннің, сондай-ақ қазақстандық және қытайлық бизнес қауымдастық өкілдерінің қатысуымен іскерлік кездесу өтті.
Кездесу Алматы облысы мен Цзянсу провинциясы арасындағы серіктестік қатынастарды одан әрі нығайтудың кезекті қадамы болды. Соңғы жылдары екі өңір арасындағы ынтымақтастық тұрақты оң серпін көрсетіп, Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың кеңеюіне ықпал етуде.