2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында МӘМС шеңберінде 130-дан астам жоғары технологиялық операция жүргізілді.
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы Алматы облысы тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастыруда. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің арқасында науқастар бірнеше жыл бұрын тек ірі республикалық орталықтарда ғана қолжетімді болған күрделі хирургиялық операцияларға қол жеткізе алуда.
2026 жылдың алғашқы алты айында ауруханада 130-дан астам жоғары технологиялық операция жүргізілді. Жоспарлы көлем басым бағыттар бойынша іс жүзінде толығымен игерілді.
Ең көп сұранысқа ие операциялар: бас миы тамырларының 40 эндоваскулярлық эмболизациясы, 36 автоматты кардиовертер-дефибриллятор имплантациясы, 12 тізе буынын ревизиялық алмастыру, 10 ішкі артерияларға стент имплантациясы, 7 жамбас-сан буынын ревизиялық алмастыру, 5 бивентрикулярлық дефибриллятор имплантациясы, 5 экстра-интракраниалдық тамырлық шунтирование, сондай-ақ заманауи бекіту жүйелері мен эндокорпоралдық имплантттарды пайдалана отырып омыртқаға жасалған операциялар және спинальды нейростимулятор электродтарының имплантациялары.