Қонаев қаласында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.
Білім бөлімінің мәліметінше, осы уақытқа дейін мемлекеттік бюджеттен 73 млн теңгеден астам қаржы қарастырылып, 1442 баланың ата-анасының шотына ақша аударылды.

Мемлекеттік қолдауға ие болғандардың қатарында атаулы әлеуметтік көмек алушылар, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан, жетім және қамқоршылықтағы, әлеуметтік осал топтан шыққан балалар бар.
Сондай-ақ қала кәсіпкерлері акцияға белсенді қатысуда. Демеушілер тарапынан 53 балаға 2 млн теңге сомасында көмек көрсетілді.
Аталған акция тамыздың 31-не дейін жалғасады.
Қосымша сұрақтар мен өтінімдерді қабылдау үшін әр білім ошағында байланыс орталықтары құрылған: