Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесіне бүгін алғаш рет дауыс беруге келген жастардың бірі − 18 жастағы Ізбасар Аяжан Сәкенқызы.
Аяжан 2008 жылғы 1 мамырда дүниеге келген. Қазір П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде «Эстрадалық вокал» мамандығы бойынша 4-курста оқиды.
Жастайынан өнерге жақын Аяжан түрлі байқаулар мен жобаларға қатысып жүр. Ол «The PLANET of ART» халықаралық фестивалінің жеңімпазы, Мәскеу қаласында өткен «Бессмертный полк» халықаралық фестиваліне қатысқан. Сондай-ақ «THE VOICE ҚАЗАҚСТАН – 2025» жобасында бақ сынаған.
Бүгінгі күннің Аяжан үшін орны бөлек. Бұған дейін сахнаға талай рет шыққан жас өнерпаз бұл жолы сайлау учаскесіне алғаш рет сайлаушы ретінде келді.