18+

Қонаев қаласының спортты дамыту орталығына жаңа басшы тағайындалды

Қошқұл Алимтай Шынжырханұлы "Қонаев қаласының дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы" КММ басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алимтай Шынжырханұлы 2002 жылғы 10 сәуірде Қонаев қаласында дүниеге келген.

Ол 2019–2022 жылдары К. Ахметов атындағы олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде білім алған. Ал 2022–2025 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқыған.

Еңбек жолын дзюдодан Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының спортшысы ретінде бастаған. 2022 жылдан бастап Қонаев қаласының мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдодан жаттықтырушы болып жұмыс істеді.

2025-2026 жылдары аталған спорт мектебінде әдіскер қызметін атқарды.