
Новости компаний
11:15, Сегодня
Надежный источник
"Шин-Лайн" компаниялар тобының вице-президенті "Атамекен" Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің құрамына енді
Новости компаний

Алматы облысы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің құрамына "Шин-Лайн" компаниялар тобының вице-президенті Дамир Дигай енді.
Жаңа мәртебесінде ол өңірдің іскерлік күн тәртібін қалыптастыруға қатысып, бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы диалог алаңында өндірістік сектордың мүддесін білдіретін болады.
"Атамекен" Өңірлік кеңесі кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, бизнесті дамытуға қатысты жүйелі мәселелерді шешу, сондай-ақ облыстың инвестициялық және іскерлік ахуалын жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу мақсатында бизнес өкілдерін біріктіреді.
"Шин-Лайн" компаниясы өкілінің кеңес құрамына енуі ірі отандық өндірушінің тәжірибесін өңірлік деңгейде ұсынуға, сондай-ақ Алматы облысының өңдеу өнеркәсібін қолдау, инфрақұрылымын дамыту және экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларды талқылауға тікелей қатысуға мүмкіндік береді.
"Өңірлік кеңестің жұмысына қатысу біз үшін ең алдымен мемлекетпен және нарықтағы әріптестермен мазмұнды диалог жүргізу мүмкіндігі. Алматы облысының өнеркәсіптік және аграрлық әлеуеті зор. Сондықтан бизнестің даму қарқынына, өндірісті жергіліктендіруге және жаңа жұмыс орындарын құруға әсер ететін шешімдер қабылдау кезінде нақты өндіріс секторының үні естілуі маңызды", – деп атап өтті "Шин-Лайн" компаниялар тобының вице-президенті Дамир Дигай.
"Шин-Лайн" компаниялар тобы – Орталық Азиядағы ең ірі балмұздақ өндіруші және Қазақстанның тамақ өнеркәсібіндегі жетекші компаниялардың бірі.
Компанияның өндірістік кешені Алматы облысында орналасқан. Кәсіпорын өңірде көптеген жылдар бойы инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, жұмыс орындарын ашып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келеді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Пять школ работают в три смены: с какими проблемами жители Жамбылского района обратились к акиму
Встреча с населением
12:41
Вчера
12:26
Вчера
За столом - сильнейшие: Алматинская область принимает чемпионат Казахстана по армрестлингу
Армрестлинг
17:20
18 ноября
15:03
18 ноября
Объявления
18:15, 18 ноября
Комментарии