Қонаев қаласында 900 оқушыға арналған жаңа мектептің құрылысы басталды. Білім беру нысаны "NEW Construction LTD" ЖШС-нің инвестициялық қаражаты есебінен салынуда, деп хабарлайды Qonaev-gorod Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта құрылыс алаңында жер жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала әкімі Асхат Бердіханов жаңа нысанның құрылыс барысымен танысып, инвесторлармен кездесті. Жиында өзара әріптестік, инженерлік желілерді тарту және мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды.
Қала әкімінің айтуынша, бүгінде саяжай алқаптарынан 1200-ге жуық бала күн сайын Қонаевқа қатынап оқиды. Жаңа мектеп, ең алдымен, осы балаларға қолайлы білім беру жағдайын жасауға мүмкіндік береді.