• Главная
  • Қонаевтағы саяжай балалары үшін жаңа мектеп салынады
Мектеп
13:05, Сегодня
Надежный источник

Қонаевтағы саяжай балалары үшін жаңа мектеп салынады

Мектеп

Қонаев қаласында 900 оқушыға арналған жаңа мектептің құрылысы басталды. Білім беру нысаны "NEW Construction LTD" ЖШС-нің инвестициялық қаражаты есебінен салынуда, деп хабарлайды Qonaev-gorod Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңында жер жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала әкімі Асхат Бердіханов жаңа нысанның құрылыс барысымен танысып, инвесторлармен кездесті. Жиында өзара әріптестік, инженерлік желілерді тарту және мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды.

Қала әкімінің айтуынша, бүгінде саяжай алқаптарынан 1200-ге жуық бала күн сайын Қонаевқа қатынап оқиды. Жаңа мектеп, ең алдымен, осы балаларға қолайлы білім беру жағдайын жасауға мүмкіндік береді.

"Бұл нысанның құрылысы Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әріновтің тапсырмасымен басталды. Құрылыс жұмыстарын бір жыл ішінде аяқтау жоспарланып отыр", – деді Асхат Бердіханов.

Жоба жетекшісі Денис Брюхановтың мәліметінше, мектеп салынатын жер учаскесінің аумағы – 2 гектар. Ғимараттың жалпы ауданы 10 мың шаршы метрді құрайды. Оқу орны 900 оқушыға шақталған.

Айта кетейік, бүгінде Қонаев қаласында 10 мектеп бар. Оның тоғызы – мемлекеттік білім беру ұйымдары. Қала мектептерінде 13 мыңнан астам оқушы білім алады. Жаңа мектептің салынуы оқушы орындарының санын арттырып, қолданыстағы білім беру ұйымдарына түсетін жүктемені азайтуға септігін тигізеді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Сайт города Конаев

Комментарии

Объявления