• Главная
  • Өз қатарларында әскери тәртіпті сақтауға қойылатын негізгі талаптар
09:27, 18 июня 2022 г.
Надежный источник

Өз қатарларында әскери тәртіпті сақтауға қойылатын негізгі талаптар

Өз қатарларында әскери тәртіпті сақтауға қойылатын негізгі талаптар

Отан қорғау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әрбір әскери қызметшісінің, сондай-ақ, еліміздің әрбір азаматының қасиетті борышы және міндеті болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әрбір әскери қызметшісі егеменді еліміздің тәуелсіздігін абыроймен қорғауға, Отан сүю жолында патриотизм сезімін жоғары қойып, әскери қатаң тәртіпті сақтай отырып, тәуелсіз республикамыздың шекарасын бұзуға жол бермеуге, қызметте және тұрмыста жауапты болуға міндетті және Отан қорғаушы атағын мақтанышпен ұстауға тиісті.

Әскери тәртіп дегеніміз – әскери қызметшілердің заңдармен, жалпыәскери жарғылармен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен және командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарымен (өкімдерімен) белгіленген қағидаларды қатаң және нақты сақтауы. Әскери тәртіп әскерлердің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ететін басты шарттардың бірі болып табылады.

Бұл ретте, жеке құрамды патриотизм рухында тәрбиелеу, құқық бұзушылықтарды болдырмау, әлеуметтік әділеттілікті сақтау, әскери ортада экстремизм мен терроризмді, әскери бөлімдерде сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімімен тиісті жұмыстары ұйымдастырыла отырып, әскери прокуратурамен бірлесіп бірқатар алдын -алу іс-шаралары жүргізілді.

Сондай-ақ, гарнизон әскери прокуроры әзірлеген экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу іс-шараларының жоспарына сәйкес, Қапшағай гарнизонының әскери бөлімдерінде, әскери қызметшілердің барлық санаттарының жеке құрамымен бірқатар сабақтар өткізілді.

Оның ішінде әскери қызметшілер және олардың отбасыларымен отбасылық кикілжіңдерге жол бермеу жөніндегі түсіндіру жұмыстары, оларға құқықтары мен міндеттерін жеткізу, анонимді және әлеуметтік сауалнама жүргізу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау бойынша, сондай-ақ дәстүрлі емес діни бағыттағы тұлғаларды анықтау бойынша сауалнама жүргізу, сұрақ-жауап кештері, дөңгелек үстелдер және ашық есік күндері жүргізілді. Бұндай іс-шаралардың мақсаты әскери қызметшілерге құқықтық көмек беру, олардың мәселелерін жеке тыңдау арқылы болашақта ауыр мән-жайларға жол бермеу болып табылады.

Қаңтар айындағы оқиғаларға байланысты басты басымдылық берілетін бағыттар: терроризмге, экстремизмге, сыбайлас жемқорлыққа, әскери қызметшілер арасында өз-өзіне қол жұмсауға жол бермеуге ықпал ету профилактикалық іс-шараларын күшейту. Осы ретте, әскери прокуратурамен гарнизон әскери қызметшілерінің қатысумен дәрістер мен сенім сұхбаттары тиісті түрде ұйымдастырылып отырады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде гарнизон ауқымында аталған бағыт бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда: "Тең дәрежеде диалог" конференциясы, "Құмар ойынға жол жоқ" тақырыбындағы дөңгелек үстелдер.

Одан бөлек, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері арасында бейәлеуметтік құбылыстардың алдын алуға бағытталған оқу-әдістемелік материалдар, жадынамалар, буклеттер, парақшалар әр кезеңде тарату ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, гарнизон әскери прокуратурасы тұрақты негізде әскери қызметшілердің әскери тәртіпті қатаң сақтауларына қадағалауды жүзеге асырады, осы бағыт бойынша ерекше назар аударылады.

Қонаев гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры әділет аға лейтенанты Н. Дуйсекеев

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...