• Главная
  • Алматыда есірткіге қарсы Грэпплинг AIGA турнирі өтті
Грэпплинг
15:03, 25 июня 2023 г.
Надежный источник

Алматыда есірткіге қарсы Грэпплинг AIGA турнирі өтті

Грэпплинг
Алматыда есірткіге қарсы Грэпплинг AIGA турнирі өтті, фото-1

Бүгін, Алматы қаласы "Sadu арена" спорт кешенінде Халықаралық нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы күрес күніне орай, дәстүрге айналған Грэпплинг AIGA күресінен турнир өтті.

"Нашақорлық- ұлт саулығына зор қауіп төндіретін кесел деп, Президентіміз өз жолдауында атап кеткендей, салауатты өмір салты ең бірінші әр адамның өз болашағының кепілі. Біз кез-келген зиянды, әрекетпен спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттай отырып қарсы күрес жүргізе аламыз. Осындай шаралар арқылы, келешек ұрпақтың ойын өзгертіп, жақсы жаққа бағыттай алатынымыз сөзсіз",- деп атап өтті С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы "Sagadat Batyr" спорт клубының Президенті Ерболат Тұрымбетов.

Турнир 4-17 жас аралығындағы 400-ге жуық жасөспірімдер арасында өтті, олардың ішінде Еліміздің, БАӘ, Қырғызстан, Өзбекстан спортшылары және "Жанұя" балалар үйінің тәрбиеленушілері де өнерлерін көрсетті.

Алматыда есірткіге қарсы Грэпплинг AIGA турнирі өтті, фото-2

Іс-шараға Алматы қаласы Полиция департаментінің басшылығы, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшылары, Алматы облыстық және қалалық Грэпплинг AIGA федерациясының жетекшілері, арнайы шақырылған Қырғызстан Республикасының Джиу-джитсу федерациясының Президенті Самарбек Сабыржанұлы, сонымен қатар Алматы облысының мәслихат депутаттары, танымал спортшылар мен белсенді жастар қатысты.

"26 маусым – халықаралық нашақорлықпен күрес күні, осыған байланысты республика аумағында нашақорлыққа қарсы іс-шаралар айлығы өтіп жатыр, бүгінгі турнир де осы мерекеге арналды. Жалпыұлттық мәселе ретінде белгілеген ортақ мақсатқа қолдау көрсеткен ұйымдастыркшыларға алғыс білдіреміз",- деді, Алматы қаласы полиция департаментінің бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.

2019 жылдан бастау алған ашық турнирге қатысушылар саны жыл сайын көбейіп, үздік нәтижелер көрсетілуде. Рухты шарада, Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің қойылымдары көрсетілді.

Турнирда жеңіске жеткен спортшыларға медальдар, сыйлықтар және кубоктар табысталды.

Алматыда есірткіге қарсы Грэпплинг AIGA турнирі өтті, фото-3

"Жанұяның" жас жеткіншекетерін қолдау мақсатында, оларға Nomad Fighting Championship лигасы арнайы сыйлықтарын табыс етті.

"Осындай шарада бой көрсеткеніме мен өте қуаныштымын. Біз әрқашан спортшыларды қолдауға дайынбыз. Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған жарысқа қатысып жатқан "Sagadat Batyr" спорт клубының "Жанұя" балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнайы, NOMAD ұжымының атынан спорттық киімдер табысталды",- деп атап өтті, Nomad лигасының Президенті Мұхамеджан Қонысбеков.

Шараның жоғарғы деңгейде өтуіне ат салысқан Алматы облыстық Грэпплинг AIGA президенті Ғани Жұмағұловқа, Nomad лигасының президенті Мұхамеджан Қонысбековке, "Жанұя" балалар үйінің директоры Марина Даулетбековаға Алматы қалалық Грэпплинг AIGA федерациясы және Алматы қалалық полиция департаменті атынан алғыс хаттар табысталды.

"Жас спортшылардың рухын көтеретін осы жарыстың ұйымдастырылуына қолдау көрсеткен, Алматы қалалық полиция департаментіне және Алматы қаласы Грэпплинг Федерациясына алғыс білдіремін. Жаңа Қазақстан құратын жалынды жастарымыз тұманды тұңғиыққа емес жарқын болашаққа нық қадам басуы тиіс"-, атап өтті, Алматы облысының мәслихат депутаты Нұрсұлтан Орынбасаров.

Алматыда есірткіге қарсы Грэпплинг AIGA турнирі өтті, фото-4

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы "Sagadat Batyr" спорт клубының бас бапкері, мәслихат депутаты Нұрсултан Орынбасаров ұйымдастыруымен бастау алған турнир биыл 4 жыл қатарынан өткізіліп отыр, және алдағы уақытта өз жалғасын табады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Грэпплинг #Спорт #Международный день борьбы с наркоманией

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...