
Жилье
21:36, 11 января 2024 г.
Надежный источник
Самал, Ардагер шағын аудандарында қандай жұмыстар атқарылады?
Жилье

Қонаев қаласында тұрғын үйлерді инженерлік желілермен қамтамасыз ету үшін бірнеше шара қолға алынған. Соның бірі – Самал, Ардагер ықшам аудандарында ауыз су құбырын тарту және электрмен жабдықтау шарасы, деп хабарлайды Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қонаев қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Ержан Тұрыспаевтың сөзінше, 2021-2022 жылдары арнайы жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Аталған жоспарға сәйкес, Самал, Ардагер шағын аудандарында 18 дана трансформатор қойылып, 33 шақырымнан астам электр желісі тартылады.
Сондай-ақ 1000 текше метр көлемдегі су сиятын резервуар орнатылып, 5,3 шақырым су құбыры жүргізіледі. Айта кетейік, бұл тек жеке тұрғын үйлердегі инженерлік-инфрақұрылымды дамыту үшін жасалған жоба.
"Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша "НКО" ЖШС таңдап алынды. Мердігер компаниямен 2 млрд 816 млн. теңгеге келісімшартқа отырдық. Құрылыс жұмыстары ақпан айының 15-нен басталады. Қаражаттың бөлінуіне байланысты жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылады. Аяқталу мерзімін 2025 жылдың қаңтар айына жоспарлап отырмыз", – деді бөлім басшысы.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:17
"KitapFest-2026": Цифрландыру мен шығармашылық тағысқан алаң
Новости компаний
17:38
В Карасайском районе модернизируют систему водоснабжения
Водоснабжение
12:10
10:25
В Департаменте по делам обороны Алматинской области проходит весенняя призывная кампания
Конаевский гарнизон
10:08
19:29
19 марта
17:59
19 марта
Объявления
Комментарии